«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Бестогай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз Әлеуметтік желілерде

 

@ereimentau_bestogai_mektebi_

 

Байланыс нөмірі:  8-716-33-34-5-13

Сәрсенбі күні 

09:00-17:00

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп

02.03.2026

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: " Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Бестоғай ауылы, Абай Құнанбай көшесі, 93.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сінде 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы 19 қызмет көрсетті;

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 0 қызмет;
  • электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 17 қызмет;
  • қағаз нұсқасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2 қызмет.

«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сінде барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

2024 жылмен салыстырғанда «Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі 19 қызмет көрсетті;

«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сінде ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет ресурсында орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2025 жылы «Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі БАҚ және әлеуметтік желілерде 0 тікелей эфир өткізді. Көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 11 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шаралар.

«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 бұрыш  қызмет атқарады.

4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2026 жылы «Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

 

Просмотров: 1608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст